Жексенбі күні кешке Ирак астанасының орталық бөлігінде жойқын жарылыс болды. Бұл туралы Alsumaria телеарнасы мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Белгілі болғандай, оқиға негізінен шетелдік елшіліктер мен мемлекеттік мекемелер орналасқан ерекше қорғалатын «жасыл аймақтың» бөлігі болып табылатын Эль-Каррадаға жақын жерде болған. Басқа мәліметтер әзірге айтылмай отыр.