Польша СІМ басшысының орынбасары Петр Вавжик: «Беларусь билігі шекарадағы шиеленісті тоқтатпай, құрбандыққа айналған азаматтардың болғанын қалайды» деген пікірде, деп хабарлайды Egemen.kz.
Жақында Литва, Латвия және Польша Беларуссиямен шекарада ұсталған заңсыз мигранттар санының өскенін хабарлап, Минскі көші-қон дағдарысын қалыптастырды деп айыптады.
Алайда Минск барлық айыптауларды жоққа шығарады. Беларусь Президенті Александр Лукашенко «Батыстың санкцияларына байланысты ақша да, күш те жоқ», деді .
Беларусь шекарашылары бірнеше рет Литва, Польша және Латвияның мигранттарын Беларусь аумағынан мәжбүрлеп қуып шығарғанын мәлімдеді.
Жағдайға байланысты Польша Президенті Беларуссиямен шекаралас аумақтарда төтенше жағдай режимін енгізді, әскер мен полиция шекараны қорғауға тартылды.
Соңғы мәліметтер бойынша, осы жылдың басынан бастап 30 мыңнан астам адам Польша шекарасынан Беларуссияға заңсыз өтуге тырысқан.