• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Кәсіпқой бокс 10 Қараша, 2021

Тейлор: «Лопес Ломаченкодан қорқады»

170 рет
көрсетілді

Бірінші жартылай орта салмақ дәрежесіндегі әлемнің абсолютті чемпионы Джош Тейлор ESPN телеарнасына берген сұхбатында Теофимо Лопес украиналық Василий Ломаченкомен екінші мәрте шаршы алаңда кездесуден қорқатынын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Менің ойымша Тео Лопес Василий Ломаченкомен қарымта кездесу өткізуден қатты қорқады. Ол жарақаты бар боксшымен қолғап түйістіргенін жақсы біледі. Ал, жарақаты жоқ, жекпе-жекке 100 пайыз дайын Ломаченко оны оңай ұтады», деді ол өз ойын білдіріп.

Жеңіл салмақтағы әлемнің абсолютті чемпионы Теофимо Лопес 28 қараша күні Джордж Камбососпен жұдырықтасатынын айта кеткен жөн.