• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Аймақтар 10 Қараша, 2021

Жамбылдағы жарылыс: Зардап шеккендерге қандай көмек көрсетіледі?

275 рет
көрсетілді

Қазақстан Президенті мемлекеттік органдарға қаза тапқандардың отбасыларына көмек көрсету бойынша барлық шараларды қабылдауды және Жамбыл облысындағы жарылыс болған жерде қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуді тапсырды. Қазіргі уақытта жұмыстар әлі де жалғасуда, деп хабарлайды Egemen.kz.

«2021 жылғы 27 тамызда Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жамбыл облысындағы жарылыстарға байланысты шұғыл кеңесте уәкілетті мемлекеттік органдарға қаза тапқандардың отбасыларына көмек көрсету бойынша барлық шараларды қабылдауды және қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуді тапсырды», деп жазды ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-те.

Орындалды:

Бүгінгі күні бүлінген 176 нысанның 173-і қалпына келтірілді. 35 тұрғын үй, 10 коммерциялық нысан, екі мектеп және бір медициналық пункт пайдалануға берілді. Жібек жолы ауылында екі коммерциялық нысанның және 150 орындық жаңа мектептің құрылысы жалғасуда. Қайнар ауылында жолдар жөнделді, көшені жарықтандыру жүргізілді, үйлерді газдандыру және сумен жабдықтау қамтамасыз етілді. Қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуге Үкімет резервінен 1,2 млрд теңге, демеушілік қаражат есебінен 102,3 млн теңге тартылды. Зардап шеккендердің отбасыларына материалдық көмек ретінде 15 млн теңгеден төленді; Зардап шеккендердің отбасы мүшелерінің банктер мен микроқаржы ұйымдары алдындағы қарыздары толық өтелді.