• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Коронавирус 11 Қараша, 2021

Жаман індет жас ананың өмірін қиды

161 рет
көрсетілді

Солтүстік Қазақстан облысының орталығында жаман індет тағы да бір жас өмірді қиып кетті. Бұл жолы жаман індетке байланысты шақалағын кесарь тілігімен алғаннан кейін жас ана ағзаны дендеп кеткен пневмониядан көз жұмды.

Шақалақтың өзін дәрігер­лер 31 апталық кезінде ке­сарь тілігімен ота жасау арқылы ал­­ған. Өйткені анасының бо­йын­дағы жаман індет тым қат­­ты асқынып кеткен екен.

Солтүстік Қазақстан об­лыс­тық денсаулық сақтау бас­­­­қармасы баспасөз қыз­ме­ті­­нің хабарлауына қара­ғанда, қа­зір өкілетті органдар адам өліміне байланыс­ты сараптама жүргізуде. Өлім­нің себе­бі – жоғарыда айтқанымыз­дай Covid-19-дың кесірінен өкпе­нің жаппай қабынуы.

«Дәрігерлер аяғы ауыр әйелге емдік-диагностикалық шаралардың бәрін толығымен жасады. Ем-домның бәрі көпбейінді аурухананың жан сақтау бөлімінде жасалды, алайда тиісті нәтиже бермеді. Оның үстіне жас ана жаман індетке қарсы вакцина да қабылдамаған екен», дейді облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Гүлнәр Қалиева.

Сөйтіп, жаман індет тағы бір жас өмірді қыршыннан жалмады. Адамдардың оған қарсы күресі – әзірге тек вак­цина салдыру екендігін ұмыт­паған жөн. Бұл тым болмаса аурудың қатты өршуіне немесе ауырып қалған күннің өзінде тезірек жазылуға се­бепші болып жатқаны жиі айты­луда. Бүгінде Солтүстік Қа­зақ­стан облысында 646 әйел аталған сырқаттан емделуде, оның ішінде аяғы ауыр әйелдер де бар.

 

ПЕТРОПАВЛ