Швеция премьер-министрі Стефан Левен парламент спикері Андреас Нурленске отставкаға кету туралы өтініш берді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Левен үкімет басшысы лауазымына Экономика және қаржы министрі Магдалена Андерссонды ұсынды.
Бұған дейін 5 қарашада Левен «Социал-демократиялық» партияның көшбасшысы қызметінен кеткен болатын. Министр Магдалена Андерссон социал-демократтардың жаңа жетекшісі болып сайланды.
«Социал-демократиялық» партия мен «Жасылдар» партиясы құрған жаңа коалициялық үкімет осы аптада парламентте дауысқа салынады деп күтілуде.
Орталық партия Андерссонды қолдайтынын айтты.
Андерссон Швеция үкіметін басқаратын алғашқы әйел болуы мүмкін.