• RUB:
    5.53
  • USD:
    471.46
  • EUR:
    504.79
Басты сайтқа өту
Кәсіпқой бокс 12 Қараша, 2021

Головкин Жапониядағы жекпе-жегі жайлы мәлімдеме жасады

694 рет
көрсетілді

IBF және IBO тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин WBA Super тұжырымы бойынша әлем чемпионы, жапониялық Риота Муратамен өтетін жекпе-жегі жайлы мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Жапонияға үлкен драмалық шоуды ұсынатыныма қуаныштымын. Бұл елде бокс танымал спорт түріне жатады. Мурата – мықты чемпион. Бұл керемет бокс кеші болады. Екі чемпион белбеулерді бәске тігеміз. Бокс фанаттарына тамаша жекпе-жек ұсынамыз», деді Гена өз жазбасында.

Естеріңізге сала кетейік, Головкин-Мурата кездесуі ресми бүгін жарияланды. Жекпе-жек Токиодағы  «Saitama Super Arena» кешенінде өтпек.