• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Коронавирус 12 Қараша, 2021

Вакцина салған балаларда қандай мәртебе болады?

354 рет
көрсетілді

Вакцина салған балаларда «жасыл», «көк», «қызыл» мәртебесі бола ма? Бұл сауалға брифинг барысында Жандарбек Бекшин жауап берді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы, қаланың бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшиннің айтуынша, балаларға вакцина салғаннан кейін оларда «жасыл, «көк», қызыл» мәртебесі болатыны туралы әзірге ешқандай тапсырма түспеген.

«Қазіргі таңда балалар және жасөспірімдерден сенбі, жексенбі күні басқа мекемелерге кірген кезде «жасыл» мәртебесі сұралмайды. Екпе мәселесі ерікті түрде өтіп жатыр. Бұл мәселе бойынша ешқандай қосымша тапсырма түскен жоқ», деді Жандарбек Бекшин.