Алматыда BRT желісінің бойындағы жол желісін қалпына келтіру үшін Жандосов көшесінің бөлігі уақытша жабылады. Бұл туралы Алматы қалалық мобильділік басқармасы мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ведомствоның ақпаратына сәйкес, BRT бойынша көше-жол желілерін жаңғырту жобасын жүзеге асыру аясында жүргізілетін жол жөндеу жұмыстарына байланысты 12 және 14 қараша күндері түнгі уақытта сағат 23:00-ден 06:00-ге Жандосов көшесінің Сүлейменов көшесінен Тимирязев көшесіне дейінгі бөлігінде көлік қозғалысы уақытша шектелетін болады.
Сонымен қатар, 14 қараша сағат 06:00-ден 15 қараша күнгі 06:00-ге дейін №6, 11, 12 троллейбус маршруттары уақытша тоқтатылады.
«Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз және жол жүру бағыттарыңызды алдын ала жоспарлауларыңызды сұраймыз», делінген хабарламада.