«Matchroom Boxing» промоутерлік ұйымының басшысы Эдди Хирн кәсіпқой бокс әлеміндегі ең үлкен жекпе-жек Геннадий Головкин мен Сауль Альварес арасындағы үшінші шайқас екендігіне сенімді деп хабарлайды Egemen.kz Boxingscene.com порталына сілтеме жасап.
«Геннадий Головкин мен екінші орта салмақтағы әлемнің абсолютті чемпионы Сауль Альварес арасындағы үшінші жекпе-жек бокс әлеміндегі ең үлкен кездесу болатыны белгілі. Біз «Канелоға» барып: «Міне, біздің нұсқалар», деп өз ойымызды білдіреміз. Бір сөзбен айтқанда трилогияны ұйымдастыруға күш саламыз. Әрине, таңдау Саульдің өзінде. Трилогия үлкен масштабтағы шайқас екенін «Канело» да түсінеді. Біздіңше Саульде нұсқа көп болғанымен, ол Головкинді таңдауы тиіс. Бұл жекпе-жек оны қанаттандырады», дейді ұлыбританиялық промоутер.
Трилогия ұйымдастырылуы үшін бірінші кезекте Геннадий Головкин жапониялық Риота Муратаны еркін мәнерде жеңуі тиіс. Сондай-ақ Альварес DAZN стриминг қызметімен аталмыш шайқасқа байланысты келісімге келуі керек. Дәл қазір Альварес DAZN-мен келісімін үзгені бәрімізге мәлім.