Badlefthook.com сайтының тілшісі Скотт Крайст Фируза Шарипова мен Кэти Тэйлор арасындағы шайқаста қазақстандық кәсіпқой боксшының мүмкіндігі жоқ екендігіне сенімді, деп хабарлайды Egemen.kz Sports.kz сайтына сілтеме жасап.
«Тэйлор бұл жекпе-жекте сөзсіз фаворит екендігі айтпаса да түсінікті. 27 жастағы қазақ боксшысы бұған дейін мықты қарсыласпен кездескен жоқ. Жалпы Кэти Тэйлор жеңіл салмақтағы кез келген қарсыласпен өтетін кездесуде сөзсіз фаворит болатыны даусыз. Сондықтан Шариповада мүмкіндік жоқ десек те болады», дейді ол.
Естеріңізге сала кетейік, әлемнің абсолютті чемпионы атағы сарапқа салынатын шайқас 11 желтоқсан күні Ұлыбританияның Ливерпуль қаласында өтеді.