• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
26 Ақпан, 2014

24 сағат

223 рет
көрсетілді

Украинада 25 мамырға белгіленген мерзімінен бұрын өтетін  президенттік сайлаудың науқаны басталып кетті. Сөйтіп, кеше үміткерлерді ілгерілету үдерісі басталды. Ол 30 наурызға дейін жалғасады. Ал кандидаттарды тіркеудің соңғы мерзімі 4 сәуір деп белгіленген.

Оңтүстік Корея президенті Пак Кын Хе Солтүстік Кореямен бірігуге дайындық жөніндегі комитет құру туралы хабарлады. Ол осындай мәлімдемені кеше өткен дәстүрлі жыл сайынғы телеүндеуі кезінде жасаған. Жаңа комитет КХДР-мен жақындасу жоспарымен айналыса отырып, келе-келе екі елдің қосылуы үшін жұмыс істейтін болады.

Украинаның ком­мунис­тік партиясы мен оның Жоғарғы Рададағы фракция­сы оппозицияға өту жөнінде шешім қабылдады. Соңғы кездері Киев пен елдің басқа да қалаларында компартияның штабына шабуыл жасау жиілеп кеткен еді. Петр Симоненко бастаған УКП-ның мұндай шешім қабылдауына осы әрекеттердің әсері де болуы ықтимал.

АҚШ тарихындағы ең тәжірибелі конгрессмен Джон Динджел Өкілдер палатасында 58 жыл жұмыс істеген болатын. Енді ол жаңа мерзімге сайлауға түспейтінін хабарлады. 87 жастағы қария өзінің мансабы өліммен аяқталғанын, яғни конгрестен табытқа салынып шыққанын қаламайтын секілді.

Израиль полициясы кеше Иерусалимде тәртіпсіздіктерге жол берген палестиналықтарды қуып таратты. Ал полицияға қарсы тас атқан жастар қамауға алынды. Тәртіпсіздіктерге ел парламентіне  Шатқал күмбезі деп аталатын  мешіт тұрған жерге иудейлердің баруына рұқсат беретін заң жобасы енгізілуі себеп болды.

Мексика билігі әлемдегі ең ықпалды қылмыскерлердің бірі, көптен бері іздеу жарияланған есірткі бароны – «Синалоа» есірткі картелінің басшысы Хоакин Гусманды ұстады. Ол бір оқ жұмсалмастан тұтқындалған. Операцияға америкалық есірткімен күресушілер де қатысқан.

Ресей сыртқы істер министрлігі қолбасшы Михаил Кутузовтың Украинаның Львов облысындағы ескерткіші құлатылуына байланысты наразылық білдірді. «Біз Украинаның жаңа басшылығынан мұндай шектен шығушылықты тоқтатуды талап етеміз», делінген СІМ-нің мәлімдемесінде.

Ресей бюджеті рубльдің құнсыздануынан жылдың қорытындысы бойынша 1 триллион рубльге дейін (28,1 млрд. доллар) қаражат алуы мүмкін. Мұндай болжамды өзінің дәстүрлі шолуында Экономика жоғары мектебінің даму орталығы жасаған.

Челябі қаласындағы Трактор зауыты аудандық соты әскерде жүрген кезінде алған жарақаты үшін мемлекеттен өтемақы талап еткен бұрынғы солдаттың талабын қанағаттандырды. Сот қаржы министрлігіне зардап шегушіге өтемақы ретінде 800 мың рубль төлеуді міндеттеді.

Ақпарат агенттіктерінің материалдары негізінде әзірленді.