Сумен қамтамасыз ету деңгейін артыру үшін көрсеткіштері төмен өңірлерге басым негізде қаражат бөлінеді. Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Бүгінде өңірлерде таза ауызсуға қол жеткізу әртүрлі деңгейде. Ауыз сумен қамтудың жоғары көрсеткіштері үш облыста: Атырау (98,5%), Алматы (98,3) және Қызылорда (97,6%) облыстарында», деді Бейбіт Атамқұлов.
Сондай-ақ, ол еліміздің кейбір өңірлерінде артта қалудың бар екенін қосты.
«Ауыл тұрғындарын ауыз сумен қамтудың ең төменгі деңгейі төрт облыста байқалады: Қостанай (64,7%), Шығыс Қазақстан (81,4%), Солтүстік Қазақстан (82,1%) және Жамбыл (82,2%) облыстарында», деп түсіндірді Бейбіт Атамқұлов.