• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Президент 16 Қараша, 2021

Президент ауыл әкімдерінің сайлауына қатысты тапсырма берді

213 рет
көрсетілді

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ауылдық округ әкімдерінің сайлау науқандарын қаржыландыру кезінде қолданылатын сараланған тәсіл әзірлеуді тапсырды, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Ауыл әкімдерін тікелей сайлау тетігін жетілдіруге бағытталған нақты ұсыныстары бар арнайы баяндама ұсынылды. Ұлттық кеңестің реформаларды ұсынып қана қоймай, оларды жан-жақты талдап, қажетті түзетулер енгізуі маңызды. Кейбір толықтыруларға бөлек тоқталғым келеді. Кеңес мүшелері Александр Данилов, Гүлмира Илиеова, Марат Шибұтов арнайы орта білімі бар азаматтарға ауыл әкімдері лауазымына ұсынылуға мүмкіндік беретін норманы бекітуді ұсынды», деді Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңестің VI отырысында.

Президенттің пікірінше, мұндай жаңашылдық жергілікті деңгейде таңдау бәсекелестігін күшейтеді.

«Тәжірибе көрсетіп отырғандай, әкімдікке үміткерлер үшін, әсіресе өзін-өзі жылжытушылар үшін үгіт-насихат компаниясының кезеңін ұлғайту өзекті болып табылады. Осыған байланысты оның мерзімдерін түзету мүмкіндігін қарастырған жөн. Сонымен қатар, сайлау науқандарын қаржыландыру кезінде сараланған тәсілді қолдану ұсынылады», деді Мемлекет басшысы.

«Аталған ұсыныстар ауыл әкімдерін сайлау тетіктерін жақсартуға бағытталған деп есептеймін. Сондықтан оларды егжей-тегжейлі зерттеу керек. Президент әкімшілігіне нақты ұсыныстар әзірлеп, енгізуді тапсырамын», деп түйіндеді Қ.Тоқаев.