ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, тәртіп сақшылары құрылыс алаңынан адам сүйегінің табылуына байланысты тергеу амалдарын бастады
«14 қараша күні Семейдегі Новостройка ауданында адам сүйегі табылған. Қазіргі уақытта аталған факті қалалық Әуезов полиция бөлімінде тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу амалдары қолға алынды. Бірқатар сот-медициналық сараптама тағайындалған. Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес өзге мәліметтер жария етілмейді», делінген ақпаратта.