Жамбыл облысында ауа райының бұзылуына байланысты көлік қозғалысы шектелді, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің мәліметіне сілтеме жасап.
Атап айтқанда, бүгін сағат 16.30-дан бастап ауа райының нашарлауына, қар, боран, жолдың нашар көрінуіне байланысты «Алматы-Ташкент-Термез» автожолының 160-238 шақырым аралығында, яғни Кенен және Благовещенка кенттері арасындағы учаскеде автокөліктің барлық түрлері үшін қозғалысқа тыйым салынды.