• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Кәсіпқой бокс 17 Қараша, 2021

Тим Цзю қарсыласын нокдаунға түсіріп, жеңіске жетті

176 рет
көрсетілді

Бірінші жартылай орта салмақ дәрежесінде өз уақытында әлемнің абсолютті чемпионы болған Костя Цзюдің ұлы Тим Цзю кезекті жекпе-жегінде жеңіске жетіп, екі белбеуін сәтті қорғады, деп хабарлайды Egemen.kz.

27 жастағы австралиялық былғары қолғап шебері Тим Цзю жапониялық Такеши Иноуэмен қолғап түйістірді. Австралияның Голд-Кост қаласында өткен жекпе-жек жоспарланған 12 раундқа созылды. Соңғы раундта Тим қарсыласын нокдаунға түсірді. Алайда Такеши кездесуді жалғастыруға қабілетті екенін көрсетті. 12 раунд қорытындысы бойынша Тим төрешілердің бір жақты шешімімен жеңіске жетіп, бірінші орта салмақтағы өзіне тиесілі WBO Global және WBO Asia Pacific белбеуін сәтті қорғады.