• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
26 Ақпан, 2014

«Шағын бизнеске арналған 100 жоба»

993 рет
көрсетілді

Елбасы Н.Назарбаев өткен жыл­дың соңында инвестициялық жобалардың тұсаукесеріне арнал­ған телекөпірде Ұлттық кәсіпкер­лер палатасына «Шағын бизнеске арналған 100 жоба» атты анықта­ма кітабын жасап шығаруды тап­сырған болатын. «Бұл кітап бүгінгі таңда еліміздегі еңбекқор азаматтарды тұрақты табыс көзімен және жұмыспен қамтамасыз етеді. Қазақстанда 500 мыңнан астам көпбалалы ана, 600 мыңнан астам мүмкіндігі шектеулі жандар, 570 мыңға жуық студенттер мен 1,7 млн. зейнет жасындағы отандаста­рымыз тұруда. Бұл кітап сол азамат­тарға да өз ісімен айналысуға үлкен көмегін тигізеді...» деген еді  сол жолы Нұрсұлтан Әбішұлы. Осыған орай, Оңтүстік Қазақ­стан облысы Кәсіпкерлер палатасында «Шағын бизнеске ар­нал­ған 100 жоба» атты кітаптың тұсаукесері өтті. Қазақстанда алғаш рет жарыққа шыққан бұл кітапта шағын бизнеспен айналысуға сеп­тігін тигізетін және әр салалы 100 шағын бизнес жоспарлар көр­сетілген. Сонымен қатар, кітапта кә­сіпті бастауға қаржы табу көздері, мемлекеттік бағдарламалардың шарттары, құрал-жабдықтарды жеткізу мен қамтамасыз ету, биз­несті оқыту және тағы да басқа ақпараттар қамтылған. – Өз кәсібіңді бастау – әрдайым көптеген сұрақтар мен мәселелерді шешуді талап етеді, – дейді ОҚО Кәсіпкерлер палатасының директоры Нұржан Әлтаев. – Басылымда кәсіпкерге алғашқы есептерін дұрыс жасауға жәрдем болатын нақты ақпарат көрсетілген. Кәсі­бінің дамып, өрге домалау­ын қамтамасыз ету үшін, бизнес әлемінің басты мәселелерін ай­қындап, оларды шешуге жол бағыттайтын осы кітапты жаңа кәсіп­керлерге ұсынып отырмыз. Бизнес әлеміне енді бет бұ­рып, өз ісін жаңадан бастап жат­қан кәсіпкерлер облыс халқын, әсіре­се ауыл-аймақ тұрғындарын кәсіп­керлікке баулу мен үйретуді басты мақсат тұтқан бұл кітаптың көпте­ген есеп-қисапты жүргізуге кететін уақытты үнемдейтініне сенімді. Оралхан ДӘУІТ, «Егемен Қазақстан». Оңтүстік Қазақстан облысы.