Ресейлік әріптесі Владимир Путиннің шақыруымен 19 қарашада Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев Ресейге барады. Бұл туралы Egemen.kz Өзбекстан басшысының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Екі ел басшылары келіссөздер өткізіп, стратегиялық серіктестік пен одақтастық негізінде Өзбекстан-Ресей қарым-қатынастарын одан әрі дамытудың өзекті мәселелерін талқылайды. Сондай-ақ бірқатар екіжақты құжаттарға қол қою көзделген.