• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
26 Ақпан, 2014

Алматыда колледж директоры сотталды

225 рет
көрсетілді

Алматы қаласында «қаржы полицейлерінен қашамын» деп екінші қабаттан секірген колледж директорына қатысты сот үкімі шықты. Бұл туралы «Жетінші арна» хабарлады. Осы шаһардағы Сервис және технологиялар колледжін 8 жыл басқарған Маран Тақабаевқа «пара алды, қызмет бабын асыра пайдаланды және бюджет қаржысын жымқырды» деген айып тағылған болатын. «Сот Қылмыстық Кодекстің 311-бабы, 1-бөлігі бойынша айыпталған Маран Тақабаевты 3 жылға бас бостандығынан айырып, дүние мүлкін тәркілеуге үкім шығарды. Жазасын жалпы режимдегі түзеу колониясында өтесін. Сондай-ақ ол бес жылға дейін мемлекеттік қызметтен шеттетілсін», - деді үкімді оқыған судья Людмила Бектемірова. М. Тақабаевқа Қылмыстық кодекстегі екі бап бойынша тағылған айыптардың дәлел-дәйегі жеткіліксіз болғандықтан, сот оны істен бөліп алып, қосымша тергеуге жіберді. Онда  бюджеттің 16 млн. теңгесі талан-таражға түскені көрсетілген болатын. Әмірхан Алмағанбетов. Дереккөз: «Жетінші арна». Фото: Infosmi.net.