Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасында болып, ондағы музейде бейнелеу өнері коллекцияларының «портреттер» тақырыбы бойынша жинақталған қор көрмесінің ашылуына қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Депутаттар мемлекеттік маңызды мерекелер қарсаңында көрме мен мұражайға қойылған заттармен танысты. Сенаторлар сонымен қатар қазіргі Қазақстанның қалыптасуы мен дамуындағы тарихи кезеңдердің жан-жақты ашылуы мен түсінудің маңыздылығын атап өтті.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні қарсаңында ашылған көрме Тәуелсіздік құндылықтарын одан әрі ілгерілетуге өз үлесін қосып отыр. Олар автордың ерекше техникасы мен жанрлар бойынша түрлі материалдан сәтті жасаған көркем және сәндік-қолдану тұрғысындағы өнер туындыларын парламентшілерге көрсетті.