• RUB:
    5.39
  • USD:
    479.83
  • EUR:
    528.82
Басты сайтқа өту
Кәсіпқой бокс 19 Қараша, 2021

Сарапшы: Жәнібек қарсыласын нокаутпен жеңеді

214 рет
көрсетілді

HBO телеарнасының бұрынғы қызметкері, кәсіпқой бокс сарапшысы Киран Малвэйни Жәнібек Әлімханұлы мен француз боксшысы Хассан Ндам Нжикам арасында өтетін жекпе-жекке қатысты болжамымен бөлісті, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Жәнібек Әлімханұлының орта салмақ дәрежесіндегі үздік 10 боксшының қатарына кіретініне сенімдімін. Бұл боксшы туралы әзірге көп адам біле бермейді. Бірақ бұл олқылықтың орны Нжикаммен өтетін жекпе-жектен кейін толтырылады. Жекпе-жек барысында Жәнібектің толық басымдыққа ие болатыны даусыз. Ол қарсыласын шамамен кездесу ортасында нокаутқа түсіріп, мерзімінен бұрын жеңіске жетеді деп болжаймын. Бұл тамаша жеңіс болады», деді АҚШ сарапшысы өз ойын түйіндеп.