• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
27 Ақпан, 2014

Бірлігі күшті ел озады

688 рет
көрсетілді

Рухы мықты ел қашанда биіктен көрінері хақ. Түп-тұқиянымыз болып саналатын сақтар өмірін бейнелеген көрініспен тербелген жетісулық жастар жанарлары ұшқындап, бойларын билеген бұла күш рух беріп, Талдықорған төрінде сап түзеп, Қазақстан халқы Ассамблеясы ұйытқы болған «Мәңгілік Ел» акциясын өткізді. Негізгі мақсаты – жастарды патриоттық тұрғыда тәрбиелеу болып табылатын бұл шараға өңір басшысы ерекше мән берген. Соның бір дәлелі ретінде «Жастар» спорт сарайына сықаса толған жасөспірімдердің көрсем, білсем, осынау игіліктен көкейіме бір қажеттілікті тоқысам деген ынта-ықыласын айтуға болады. Мемлекеттік Әнұран орындалғанда сол жас өскіндердің қайсарлықтары анық байқалып тұрды. Дүйім жұрттың алдына Алматы облысының әкімі Аңсар Мұсаханов шығып: – Елбасының биылғы Жол­дауы­­ның маңызы ерекше. «Қа­зақ­стан-2050» Стратегиясының мақ­сат-міндеттері айқындалған бұл құжатта елдің ұлы мұраттары да белгіленіп, «Мәңгілік Ел» ұлт­тық идеясы жарияланды, – деді. – Бұл еліміздің кемел келешегін, даму мүмкіндіктерін көрсететін жасампаз жоба! Қазақстанды жаңа сатыға көтеру жолында бұл идея басты бағдарымыз, айнымас темірқазығымыз болатыны анық. Өскелең ұрпақты отаншылдық рухта тәрбиелеуде негізгі идеологиялық ұстанымға айналмақ. Мәңгілік Ел бо­луға Қазақстанның әлеуеті жет­кі­лікті. Ол үшін индустрия мен инновацияға негізделген экономикамызды нығайтып, әл-ауқатымызды арттырумен қатар, рухани қуатымыз зор, білі­міміз бәсекеге қабілетті, ден­саулығымыз мықты, бірлігіміз бекем болуы керек. Арға – мінәжат, барға – қанағат, жоққа – салауат айтқан халқымыз талай қиын-қыстау күндерді бас­тан өткерді. Елба­сының көреген саясатының арқа­сында азаттықты аңсаған бабаларымыздың арманын жүзе­ге асыру біздің ұрпақтың енші­сіне тиді. Жетісу өңірі – қол бастаған батыр, сөз бастаған шешен, арқалы ақын, күміс көмей әнші-жыршылардың жұлдызды шоғыры көптеп шыққан қасиетті өлке. Татулықты ту еткен жеті­су­лық­тардың Елбасының «Мәңгілік Ел» идеясын бір кісідей қолдап, жүзеге асыруға белсене атсалысатыны күмәнсіз. Біз қандай биікке көтерілсек те, елдің ынтымағы мен татулығы арқасында қол жеткіздік. Бұл «Бірлігі күшті ел озады» деген мақалдың өмір­шеңдігін көрсетеді». Қазақстанның халық әртісі Нұрғали Нүсіпжанов «Өз елім» атты патриоттық тұрғыдағы әнді нақышына келтіре шырқағанда арнайы ұйымдастырылған акция өз мәресіне жақындай түсті. Астанадан осы шараға арнайы келген Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Ләззат Сүлеймен адами тұрғыда үндеу тас­тай сөз сөйлеген соң, өңірге та­ны­мал жандар мінбеге көтеріліп, ұлт­­тық рухты көтерер әңгіме қоз­ғады. Патриоттық әндер ағытылды. Қорыта айтқанда, «Мәң­гі­лік Ел» акциясы Жетісу же­рін­де де жо­ға­ры деңгейде ұйым­дас­ты­ры­лып, жалпыхалықтық қол­дау тапты. Нұрбол Әлдібаев, «Егемен Қазақстан». ТАЛДЫҚОРҒАН.