Таяуда ғана Сербия астанасы Белград қаласында бокстан өткен әлем чемпионатында жүлде алған боксшылар желтоқсан айында ұйымдастырылатын Қазақстан чемпионатына қатыспайды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Деректерге сенсек, ұлттық құраманың бас бапкері Қайрат Сәтжанов жүлде алған боксшыларды ел ішіндегі жарыстардан уақытша босату туралы шешім қабылдапты. Боксшылар аз уақыттық демалысты ұтымды пайдаланып, қалыпқа келуге тырысулары тиіс.
Естеріңізге сала кетейік, Сербия төрінде өткен жаһандық додада Теміртас Жүсіпов пен (48 кило), Сәкен Бибосынов (51 кило) әлем чемпионы атанса, Сабырхан Махмұд (54 кило), Серік Теміржанов (57 кило) әлем чемпионатының күміс жүлдесін, Абылайхан Жүсіпов (67 кило) жаһандық жарыстың қола жүлдесін иеленген болатын.