• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Қоғам 22 Қараша, 2021

Қазақстанға заңсыз өткен шетел азаматтары ұсталды

297 рет
көрсетілді

Көлік полицейлері Қазақстанның мемлекеттік шекарасын заңсыз кесіп өткен екі Мысыр азаматын ұстады, деп хабарлайды Egemen.kz.

17 қарашада Петропавл теміржол вокзалында Алматы-Петропавл бағытындағы пойыздың жолаушыларын тексеру кезінде екі ер адам полиция бөлімшесіне жеткізілді. Жеткізілген ер адамдардың жеке басын тексеру нәтижесінде олардың Қазақстан шекарасын заңсыз кесіп өткен 21 және 28 жастағы Мысыр азаматтары екені анықталды.

Аталған дерек Қылмыстық кодекстің 392-бабының 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. («Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын қасақана заңсыз кесіп өту»). Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.