Нұр-Сұлтан қаласында өзге адамдардың атына несие рәсімдеген алаяқ ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Алаяқтың айла-амалына елорда, Алматы және Атырау тұрғындары құрбан болған.
«Заң және консалтингтік қызметтер бюросы» ЖШС директоры бола отырып, болашақ құрбандарымен танысу кезінде ол өзін білікті заңгер ретінде таныстырды. Одан бөлек, күдікті өзін депутаттың штаттан тыс кеңесшісі деп атаған. Адамдардың сеніміне кіріп алған алаяқ заңды қызметтер көрсету үшін жеке сауалнамалық деректерді сұраған. Құжаттарға кедергісіз қол жеткізе отырып, олардың суретін сканерлеп, онлайн несие алып отырды. Ал зардап шегушілер банктерден мерзімі өткен төлемдер туралы қоңыраулар түсе бастаған кезде ғана алдаудың құрбаны атанғанын білді», деп мәлімдеді Нұр-Сұлтан ПД баспасөз қызметі.
Жәбірленушілердің барлығы күдіктіге консалтингтік қызмет көрсету бойынша жүгінгенін айтады. Алаяқ олардың бірімен достық қарым-қатынаста бола тұра, төрт онлайн-кредит ресімдеп үлгерген.
Келтірілген зиянның жалпы сомасы 10 млн теңгеден асады.
Жалға алынған кеңсені тінту барысында 15 жалған мөр тәркіленді.
Күдіктінің осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығын тексеру үшін еліміздің басқа өңірлеріне сұрау жолданды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Ал «депутаттың штаттан тыс кеңесшісі» қамауға алынды