• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Тарих 23 Қараша, 2021

Жәңгір ханның тиыны

635 рет
көрсетілді

Өткен ғасырлардағы тарихи оқиғалар мен уақыттық кезеңдерді анықтауда археологиялық қазба жұмыстары барысында табылған немесе жеке коллекционерлер қолында сақталған нумизматикалық материалдардың міндеті айырықша.

Бұған дейін белгісіз болып келген Алматы қаласының жасы 1979 жылы бұрынғы Шекарашылар училищесі аумағындағы көне қалашықтың орнынан табылған теңгелер нәтижесінде анықталды. Нақтырақ айтсақ, бұл монеталар 1271-1217 жылдары қазіргі қала орналасқан жерде, яғни жергілікті ақша сарайында соғылған болып шықты.

Осы орайда айтпағымыз, отандық нумизматикалық жәдігерлердің ең көп сақталған орны Түркістан қаласындағы «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи мәдени қорық музейі. «Аталған мекеме қорында 13583 дана нумизматикалық жәдігер болса, олардың 7695-і негізгі қор есебіне, 5888-і көмекші қор есебіне алынған», дейді қорық-музейінің баспасөз хатшысы Мадина Сабыр.

Жоғарыдағы жәдігерлер арасында тек қазақ тарихына қатысты нумизма­тикалық материалдар да бар екен. Атап айтқанда, XIV ғасырдың екінші жартысында Сығанақ, Хорезм ақша сарайларында соғылған түрлі стильдегі теңге-тиын үлгілері. Осы теңгелер арасында қас бетіне араб графикасымен «جهان...ر خان»  деп жазылған мыс ақша да бар көрінеді.

«Бұл теңгеге жүргізілген алғашқы зерттеу нәтижесіне тоқталсақ, жәдігер қазақ ханы Жәңгірдің атымен соғылған болуы мүмкін», дейді мамандар.

Бұл жәдігерді музей қорына 2016 жылы жеке тұлға әкеліп тапсырыпты. Жалпы, бұған дейін қазақ хандары арасынан тек Тұрсын Мұхаммедтің атымен соғылған теңге болғанын білеміз. Егер жоғарыдағы мыс теңге расында Жәңгір хан атынан соғылған  болса, бұл Қазақстан нумизматикасы тарихында үлкен жаңалық болары анық.