• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Коронавирус 23 Қараша, 2021

Ревакцинаға екпе қоры жеткілікті - Асқар Мамин

344 рет
көрсетілді

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Үкімет отырысында коронавиурсқа қарсы қайта вакциналау шаралары бойынша тапсырмалар берді, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Корорнавирус инфекциясынан қорғанудың маңызды тәсілі вакциналау. Сондықтан оның қарқынын одан әрі ұлғайту керек. Бүгінде бірінші компонентті 8,7 млн адам салдырды. Бұл – 18 жастан асқан тұрғындардың 76 пайызы. Екінші компонентті шамамен сегіз миллион адам алды. Бұл вакцина алуға жататын халықтың 70 пайызына жуық», деді Үкімет басшысы.

Оның айтуынша, тұмауға қарсы вакциналау деңгейі қажетті контингенттің 99 пайызынан асқан.

«Кеше өңірлердің бәрінде коронавирус бойынша қайта вакцинациялау басталды. Ол үшін вакцина қоры жеткілікті. Вакциналарды сақтау мен тасымалдау режимін сақтау аса маңызды. Әкімдерге аталған мәселелерді жеке бақылауда ұстауды тапсырамын. Ералы Тоғжанов жалпы бақылау өзіңізде», деді Асқар Мамин оған қарата айтқан сөзінде.