• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Әлем 23 Қараша, 2021

Гонконг тәуелсіздігін сұраған студент сотталды

378 рет
көрсетілді

Қытайда студент Гонконгтың тәуелсіздігіне шақырғаны үшін мерзімге ие болды. Иә, сот Гонконг белсендісін «сепаратизмге шақырғаны үшін» деген айыппен үкім шығарып, темір торға тоғытты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Гонконг соты 20 жастағы белсенді студент Тони Чунді «сепаратизмге және заңсыз табыс табуға шақырғаны үшін» деген айыппен үш жыл жеті айға бас бостандығынан айырды, ол жаңа ұлттық қауіпсіздік заңын бұзғаны үшін Гонконгтың түрмеде отырған ең жас тұрғыны атанды.

«Тони Чун өткен жылдың 1 шілдесі мен 27 қазаны аралығында Гонконгты Қытайдан бөлуге немесе қаланың конституциялық мәртебесін заңсыз өзгертуге ұмтылды», делінген айыптаушы тараптың жазбасында. 2016 жылы Тони Чун Гонконгтың Қытайдан тәуелсіз болуын қалап, Studentlocalism қозғалысын құрды. «2020 жылдың маусым айында, яғни, Ұлттық қауіпсіздік туралы заң қабылданған күні қозғалыс ресми түрде таратылды, алайда айыптау бойынша Тони Чун сепаратистік қызметпен айналысуды жалғастырды», дейді айыптаушылар.

Сонымен қатар, айыптаушылардың сөзіне сенсек, студент электронды әмияндар арқылы сепаратистік қызметті қаржыландыру үшін заңсыз ақша жинаумен айналысқан.

Тони Чун Гонконгтың Ұлттық қауіпсіздік туралы жаңа заңын бұзғаны үшін түрмеге жабылған үшінші тұрғын болды. Осы жылдың шілдесінде сот полиция тобына мотоциклмен басып кірген 24 жастағы белсендіні тоғыз жылға соттады. Қараша айының басында 31 жастағы белсенді сепаратизмге шақырғаны үшін бес жыл тоғыз айға бас бостандығынан айырылды.