• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Елорда 23 Қараша, 2021

Елордада ұзақ уақыт іздеуде жүрген алаяқ ұсталды

509 рет
көрсетілді

Елордалық ұландықтар бір үйдің қалқасында қоғамдық тәртіп бұзған азаматты ұстаған, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР Ұлттық ұланының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.   

Патрульдік топ басшысы, кіші сержант Абылай Амантаев қасындағы серіктері қатардағы жауынгерлер Сапаралы Абжанов және Азат Турғанбаевпен бірге аталған азаматты ұстаған соң полиция бөліміне жеткізеді.  

Кейін тәртіп бұзушының алаяқтық бабы бойынша іздеуде жүргені анықталды. 2 тамыз күні ол елордада оқу орнына түсемін деген сылтаумен бір әйелге тиесілі 400 мың теңгені иемденген.