• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Кәсіпқой бокс 23 Қараша, 2021

«Панда» 113 орыннан 90 орынға көтерілді

185 рет
көрсетілді

Бірінші ауыр салмақта сынға түсіп жүрген қазақстандық кәсіпқой боксшы Серік Мұсаділов Boxrec.com рейтингіндегі жағдайын біршама түзеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Өткен аптада америкалық Дастин Лонгты ұпай санымен жеңген қазақ боксшысы рейтингте 23 сатыға жоғарылады. «Панда» деген лақап атымен танылған қазақ оғланы бұған дейін өз салмағында 113 орында тұрса, енді 90 орынға көтерілді. Серік Мұсаділов соңғы екі жекпе-жегінде қарсыластарын тек ұпай санымен ұтып келеді. Ол оған дейінгі тоғыз шайқасын мерзімінен бұрын аяқтаған болатын.