АҚШ-тың Хьюстон қаласында үстел теннисінен әлем чемпионаты басталды. Тарихта алғаш рет 120 ер адам мен 118 әйел адам плей-офф форматында сынға түсуде. Бұл ереже бойынша спортшы бір жеңілістен соң жарысты аяқтайды деп хабарлайды Egemen.kz ҰОК-ке сілтеме жасап.
Аталған сынға Қазақстан атынан Зәуреш Ақашева мен Анастасия Лаврова қатысып жатыр. Өкінішке қарай, Лаврова алғашқы кездесуде жасөспірімдер Олимпиадасы мен жастар арасындағы әлем чемпионатының жүлдегері, румыниялық Андрея Драгоманға 3:4 есебімен жол берді.
Ал Ақашева бірінші матчта Панамерика ойындарының чемпионы, Пуэрто-Рико өкілі Даниеля Риосты 4:1 есебімен жеңді. 1/32 финалда Зәуреш жұптық сындағы Токио Олимпиадасының чемпионы, жапондық Ито Мимамен кездеседі.