Matchroom Boxing промоутерлік ұйымының басшысы Эдди Хирн бүкіләлемдік бокс ұйымына және бүкіләлемдік бокс кеңесіне WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы Деметриус Андраде мен WBC чемпионы Джермалл Чарло арасында жекпе-жек ұйымдастыру мәселесімен қайырылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлемдік бокс ұйымдарына хат жолдаған ол желтоқсанда қолғап түйістіретін Геннадий Головкин мен жапониялық Риота Мурата жекпе-жегінің жеңімпазын Андраде-Чарло шайқасында жеңіске жеткен боксшыға қарсы қойғысы келетінін жеткізді.
«Геннадий Головкин-Риота Мурата кездесуінде мерейі үстем болған боксшыны Андраде-Чарло шайқасының жеңімпазына қарсы шығарып, орта салмақтың королін анықтау керек. Абсолютті чемпион атағы сарапқа салынатын шайқас қай кезде де қызық», дейді промоутер.