Нұр-Сұлтанда жолаушылар автобусы қарсы жолаққа шығып кетіп, басқа автобуспен соқтығысқан, деп хабарлайды Egemen.kz.
CTS көлік компаниясының баспасөз қызметі мәліметінше, жол апаты 26 қарашада сағат 10.50-де Байсейітова көшесінің бойында Шақпақ аялдамасы маңында болған.
«№20 бағыттағы автобус жүргізушісі рөлді басқара алмай, қарсы жолаққа шығып кетіп, нәтижесінде №39 бағыттағы автобуспен соқтығысқан.
Оқиға орнына келген полиция қызметкері №20 автобус жүргізушісіне хаттама толтырды, іс материалдары процессуалдық шешім қабылдау үшін анықтау бөліміне жіберіледі. Жүргізуші жол қозғалысы ережесін бұзу деректерін тіркеу журналында көрсетілмеген, жолаушылар көлігін жүргізу бойынша 5 жылдық тәжірибесі бар. Рейс алдындағы медициналық тексеруден өту уақыты - 6.00, желіге шығуға рұқсаты бар», деді CTS өкілі.
Компания мәліметінше, 1961 және 1954 жылы туған екі жолаушы әйел дене жарақатымен ауруханаға жеткізілген.
Жүргізушілерді автопарк басшылығы жұмыстан шеттетіп, іс тәртіптік кеңеске жіберілетіні айтылды.