• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Әлем 26 Қараша, 2021

Шекарадағы шиеленіс: Поляк сарбазы жарақат алды

185 рет
көрсетілді

Беларуспен шекарадағы мигранттармен қақтығыс кезінде поляк солдаты жарақат алды, деп хабарлайды Egemen.kz Польшаның шекара күзетінің ресми өкілі Анна Михалскаяның мәлімдемесіне сілтеме жасап.

Ол түнде Черемха елді мекенінің аумағында 200-ге жуық мигранттан тұратын топ поляк шекарасына шабуыл жасауға тырысқанын айтты.

«Осы әрекеттердің нәтижесінде поляк әскерінің жауынгері зардап шекті. Оның басынан таспен ұрған. Сарбаз ауруханаға түсті», деді Михалская.

Соңғы апталарда Беларусь пен Польша шекарасында ЕО елдеріне кіру үмітімен бірнеше мың мигрант жиналды. Польша билігі шекараны күзетуді күшейтті. Билік заңсыз босқындардың көші-қон дағдарысына Минскіні кінәлап, олардың елге кіру әрекеттерін тоқтатты. Беларусь билігі бұл айыптаулардың барлығын жоққа шығарып, Польша мигранттарды өз аумағынан мәжбүрлеп шығарып, босқындарға қатысты жағдайды жасанды түрде ұйымдастырды деп мәлімдеді.

Анна Михалскаяның айтуынша, екі мигрант ауруханаға түскен. «Олардың бірінде демікпе дертінің белгілері болған», деп түсіндірді шекара өкілі.

Ол түнгі шабуылдың нәтижесінде Польша аумағына бірнеше метрге 170-ке жуық адам кіргенін айтты. Поляк қауіпсіздік күштері оларды одан әрі жіберген жоқ. Беларусь шекара сызығына қайтарды.