• RUB:
    4.86
  • USD:
    441.66
  • EUR:
    475.14
Басты сайтқа өту
Кәсіпқой бокс 29 Қараша, 2021

Фируза Шарипова: Сенсация жасауға әзірмін

192 рет
көрсетілді

Жеңіл салмақтағы австралиялық боксшы Джордж Камбосостың америкалық Теофимо Лопесті жеңіп сенсация жасағаны қазақстандық кәсіпқой боксшы қыз Фируза Шарипованы қанаттандырды, деп хабарлайды Egemen.kz

«Әлемнің абсолютті чемпионы Теофимо Лопестің міндетті қарсыласы Джордж Камбосос жекпе-жекте әрқашан фаворит жеңіске жете бермейтінін дәлелдеп берді. Бұл – бокс. Мен де сенсация жасауға әзірмін. 11 желтоқсанды күтіңіздер. Әлемнің аболютті чемпионы болу үшін қолымнан келгеннің бәрін істеймін», деп жазды Фируза Шарипова инстаграмдағы парақшасында.

Естеріңізге сала кетейік, Фируза Шарипова 11 желтоқсан күні Ұлыбританияның Ливерпуль қаласында жеңіл салмақтағы әлемнің абсолютті чемпионы Кэти Тэйлорға қарсы рингке шығады.