• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қазақстан 30 Қараша, 2021

Газға ауысқан көліктер саны артты

325 рет
көрсетілді

Жыл басынан бері Қазақстанда 2,6 млн тонна сұйытылған мұнай газы өндірілді. Газды ішкі нарықта негізгі тұтынудың 60%-дан астамы автокөлікке тиесілі. Бұл туралы Үкімет отырысында Энергетика министрі Мағзұм Мырзағалиев мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Мағзұм Мырзағалиев осы жылдың қаңтар-қазан айларында сұйытылған мұнай газын өндіру 2,6 млн тоннаны немесе 2020 жылдың ұқсас кезеңіне 100,3%-ды құрағанын хабарлады. Жыл қорытындысы бойынша сұйытылған мұнай газын өндіру 3,2 млн тонна деңгейінде күтілуде.

«Ішкі нарықта сұйытылған мұнай газын негізгі тұтынудың 60%-дан астамы автокөлікке тиесілі. 2019 жылдан бастап сұйытылған газға ауыстырылған автокөлік саны 2021 жылға қарай 2,2 есеге өсіп, 310 мыңнан астам бірлікке жетті», деді ҚР Энергетика министрі Мағзұм Мырзағалиев.