Еліміздің басым бөлігінде ауа райының нашарлауына байланысты азаматтардан жолдарда қырағы болу сұралады, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Telegram-каналына сілтеме жасап.
«Еліміздің басым бөлігінде тұман, көктайғақ, желдің күшеюі және бұрқасын күтіледі. Осыған байланысты сіздерден жолда мұқият болуды, жол қозғалысы ережелерін сақтауды және көліктен шығар алдында машиналардың техникалық жағдайын тексеруді сұраймыз. Өз кезегінде «Қазақавтожол» ЖШС бүкіл ел бойынша 1000-нан астам қысқы арнайы техника жұмылдырды. Мамандар қар тазалау және көктайғаққа қарсы материалдарды себу бойынша жұмыс жасайды», делінген ҚР ИИДМ хабарламасында.