Елордалық полицейлер құрылыс нысанынан кабель ұрлаған күдіктіні ұстады, деп хабарлайды Egemen.kz Нұр-Сұлтан қаласы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын жүргізу кезінде 26 жастағы ер адамды ұстады.
Тергеу барысында күдіктінің кешкі уақытта Сәтпаев көшесінде орналасқан құрылыс нысанына келіп, кабель ұрлағаны анықталды.
Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Заттай дәлелдемелер алынды. Күдікті өз кінәсін мойындады. Қазіргі сәтте оның елорда аумағында бұрын жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде.