• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Өнер 03 Желтоқсан, 2021

Тұңғыш Президент күніне арналған концерт

338 рет
көрсетілді

Облыс орталығы Өскеменде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған «Елбасы жолы» атты мерекелік концерт өтті. Иә, тәуелсіздік жолында Елбасының жолы ерек, еңбегі ерен.

Үлбінің жаға­лауындағы «Ертіс концертте» өткен салтанатты ша­раға Шы­ғыстың әнші-күйшілері ға­на емес, Қазақстан эстрадасының та­­ны­мал жұлдыздарының бірі «Mezzo» тобы да әннен шашу шаш­­ты.

Мерекелік концертке келген қала жұртшылығы ең алдымен «Ертіс концерттің» кіреберіс фойе­сіне қойылған «Кемеңгер көш­бас­шы – кемел Қазақстан» атты көр­мені аралап көрді. Об­лыстық А.Пушкин атындағы кі­тапхана ұжы­мы ұсынған бұл көрмеде Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың өмір жолы, ел үшін еткен еңбегі, тә­уелсіз Қазақстанның қалып­та­­суы мен осы күнде жеткен жетіс­­тіктері туралы мол мәлімет жинақталғанына куә болды ел. Көрмеден соң елдің назары Елбасы туралы деректі фильм­ге ауды. Қыс­қаметрлі деректі фильм­де Тұң­ғыш Президенттің жүріп өткен жолы баяндалады.

Мерекелік күнге орай ұйым­дастырылған концерттің шы­мылдығы Қ.Мұхтардың орын­да­уындағы «Асыл аға» атты әнмен түрілді. Сондай-ақ көрер­меннің ыстық ықыласына ие болып жүрген қазақ эстрадасының танымал әншілері «Mezzo» тобы да арнайы келіп, өнер көр­сетті. Классикалық стильде ғана ән салатын «Mezzo» тобы биыл Сочиде өткен «Жаңа тол­қын» байқауына қатысып, дүйім жұртты өнерлерімен тәнті еткен еді. Бұл жолы да олар Г.Подэльскийдің «Люблю тебя, мой край родной», Абайдың «Кө­зімнің қарасы» әндерін орындап, өскемендіктердің қошеметіне бөленді. Иә, тыңдап отырып, өнердің, ән өнерінің бір шыңы дерсіз. Көңілді кеште «Incoro» тобы Н.Назарбаевтың «Город мой» әнін шырқады.

Тұңғыш Президенттің ядро­лық қарудан бас тартып, бүкіл әлемге үлгі болғанын бәріміз білеміз, мақтан тұтамыз. Мере­кеге орайластырылған бұл кон­цертте Елбасының Семей ядро­лық полигонын жапқандағы еңбегі де аталды. Осынау игі іс­тің желісін «Алтай» халықтық би тобы «Семей-Невада» компо­зициясы арқылы сәтті алып шықты. Мере­кеге орай тәуелсіз елдің бақыт­ты балалары да өлең оқып, ән­нен шашу шашты. Олар «Үшқо­ңыр», «Ақ көгершін», «Земля моя» ән­де­рін шырқап, көрермен жү­регін елжіретіп жібергендей болды. Ұйып тың­дады бәрі. Бір сағат­қа созылған мерекелік концерт Н.Назарбаевтың «Жерім менің» әні­мен қорытындыланды.

 

Шығыс Қазақстан облысы