• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Кәсіпқой бокс 03 Желтоқсан, 2021

Боб Арум: 2022 жылы Фьюри үш жекпе-жек өткізеді

232 рет
көрсетілді

Белгілі промоутер Боб Арум WBC тұжырымы бойынша аса ауыр салмақтағы әлем чемпионы Тайсон Фьюридің кәсіби мансабына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Тайсон Фьюри алдағы уақытта белсенді болуы керек. Сол себепті біз 2022 жылы үш жекпе-жек ұйымдастыруды жоспарлап отырмыз. Менің ойымша Тайсон бірінші кезекте Диллиан Уайтпен қолғап түйістіреді. Солай болуы тиіс. Біз бүкіләлемдік бокс кеңесі осы шайқасқа қатысты шешім шығарғанын күтіп отырмыз. Одан кейінгі жекпе-жектерді аса ауыр салмақтағы жағдайдың өзгеруіне байланысты жоспарға енгізетін боламыз», дейді промоутер.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін ұлыбританиялық Энтони Джошуаның командасы міндетті қарымта кездесуден уақытша бас тарта тұрса, украиналық Александр Усиктің Тайсон Фьюриге қарсы рингке шығуға әзір екендігі хабарланған болатын.