Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен 5-6 желтоқсан күндері елімізге Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев екі күндік мемлекеттік сапармен келеді, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли таратқан хабарламаға сілтеме жасап.
Көпқырлы қазақ-өзбек қатынастарына тың серпін беру мақсатымен Қазақстан мен Өзбекстан басшыларының шағын және кеңейтілген құрамдағы келіссөздері өтеді.
Келіссөздер қорытындысы бойынша екіжақты құжаттарға қол қойылады деп күтілуде.