• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Саясат 04 Желтоқсан, 2021

Шавкат Мирзиеёв: Өзбек - қазақ қатынасының нығаюына Нұрсұлтан Назарбаевтың сіңірген еңбегі зор

398 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыртуымен 5-6 желтоқсан аралығында елімізге Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев ресми сапармен келеді. Сапар алдында көрші ел Президенті «Egemen Qazaqstan» газетіне арнайы сұхбат беріп, Өзбекстанның алдағы даму стратегиясы, ондағы Қазақстанның орны туралы айтты, деп жазады Egemen.kz.

Өзбекстан Республикасын дамыту мақсатында арнайы демократиялық реформалар жүзеге асырылуда. Мақсатты стратегиялар әзірленіп, жаңа Өзбекстанды нығайту аясында нақты жоспар құрылған. Мұндай қарқынды қадамдарды жүзеге асыруға көрші ел көшбасшысы Президенттікке қадам басқан алғашқы күннен кіріскенін жеткізді. 

«Біз ұлттық экономиканың өсу қарқы­нын арттыру, жеке секторды ынталандыру және оның үлесін арттыру арқылы  экономиканың құрылымында жан басына шаққандағы ішкі жалпы өнімнің тұрақты өсуін қамтамасыз етеміз, сондай-ақ тікелей шетелдік инвестицияларды тарту арқылы 2030 жылға қарай Өзбекстан жан басына шаққандағы табысы орташа деңгейден жоғары бірқатар мемлекеттің қатарына кіре алады. Бұл ретте елімізде тыныштық пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету, заңның үстемдігі, әділ әлеуметтік саясатты жүзеге асыру, сондай-ақ рухани-білім саласындағы ре­фор­маларды күшейтудегі жұмы­сымыздың басты өлшемі «Жаңа Өзбекстан – ағартушы қоғам» концепциясы болып қала бермек.

«Іс-қимыл стратегиясынан – Даму стратегиясына» идеясын іске асыру шеңберінде  біз Орталық Азия аймағында өза­ра түсіністік пен құрмет, та­ту көр­шілік пен стратегиялық әріп­тестік атмосферасын нығайту бағытын жалғастыру ниетіндеміз. Бұл мақсаттарға қол жеткізу ең жа­қын көршілеріміз – Ор­та­лық Азия мемлекеттерімен өзара іс-қи­мылсыз мүмкін емес екені сөзсіз», деді Шавкат Мирзиёев.

Сондай-ақ, ол өзбек-қазақ қатынасының берік бекуінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың рөлін ерекше атап өтті. 

«Қазақстан бұл қатарда өте маңызды орын алады, байыпты саяси, қаржылық, экономикалық, демо­графиялық әлеуетке ие, сонымен қатар Орталық Азия мемлекеттері мен халықтарын жақындастыруға мүдделі.

Осы тарихи үдерістерде зама­­ны­­мыздың ірі мемлекет және саяси қайраткері, Қазақ­стан­ның Тұңғыш Президенті – Ел­басы Нұрсұлтан Әбішұлы Назар­баевтың сіңірген еңбегі зор екенін ерекше атап өткім келеді», деді ол.

Өзбекстан Президентінің пікірі мен ұстанымдары, өзге де ойымен «Өзбекстан Президенті Шавкат МИРЗИЁЕВ: Жарқын болашақты бірге құрамыз» сұхбатында толық таныса аласыз.