• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Саясат 05 Желтоқсан, 2021

Пентагон басшысы Тайвань аралының қорғаныс әлеуетін қолдауға дайын екенін мәлімдеді

310 рет
көрсетілді

Пентагон басшысы Ллойд Остин Тайваньның қорғаныс әлеуетін қолдауға дайын екенін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

 

АҚШ «Біртұтас Қытай» саясатына қарсылық білдірмейтінін, бірақ Тайванға қорғаныс әлеуетін нығайтуға көмектесетінін және аралды күшпен қосып алу туралы ниетке қарсы екенін де тіліне тиек етті Пентагон басшысы.

Америка әкімшілігі арал билігімен қарым-қатынасты нығайтуға әзір. Тайваньды өзінің «жекеменшік» провинциясы деп санайтын Қытай Халық Республикасының жасырын ұстанымы АҚШ билігіне ұнамайды.

«Біз «Біртұтас Қытай» саясатын ұстана отырып, Тайваньмен қарым-қатынас туралы Заң аясында Тайванның өзін-өзі қорғау қабілетін қолдауға және Тайвань халқының қауіпсіздігіне қауіп төндіретін кез келген әрекетке қарсы тұру мүмкіндігімізді сақтауға қатысты міндеттемелерді орындай береміз»,  деді Остин Калифорния конференциясында.