Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған елдің халықаралық атауын Turkey-ден Türkiye-ге өзгерткен Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Жарлық мәтінінде бұл өзгеріс бай мәдениет пен мұраны көрсететіні әрі түрік өндірушісінің сапалы өнімді сенімді жеткізуші ретінде адалдығын растауға арналғаны айтылған.
Сондай-ақ, елдің барлық ресми құжатында, соның ішінде шет мемлекеттермен және ұйымдармен кез келген хат-хабарларда Turkey, Turkei, Turquie сөздерінің орнына бірыңғай Türkiye термині қолданылады.