Аймақтар 07 Желтоқсан, 2021

Семейде 1-11 сынып оқушылары онлайн оқиды

441 рет
көрсетілді

Семейде бірінші ауысымдағы 1-11 сынып оқушылары сабақты қашықтан оқитын болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бұл жайында облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі ақпарат таратты. 

Департамент мәліметінше, 2021 жылғы 7 желтоқсан күні Семей қаласында ауа райы күрт суытып, қалада көктайғақ болады. Осыған байланысты бірінші ауысымда оқитын 1-11 сынып оқушылары мектепке бармайды.

Оқушылар сабақты онлайн форматта қашықтан оқиды.