Өткен тәулікте Павлодар облысы аумағындағы мемлекеттік шекарадан барлығы 533 адам өткен, деп хабарлайды Egemen.kz.
Облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметінше, Павлодар облысы аумағында мемлекеттік шекараның 4 автокөлік өткізу бекетіне бақылау жүргізіледі.
«Өткен тәулікте шекарадан 533 адам өтті. Оның ішінде 328 жолаушы, 205 жүк көлігінің жүргізушісі бар. Карантиндік стационарға 3 қазақстандық жатқызылды. ПТР зерттеу нәтижелері бар анықтамасын көрсетпеген Ресей федерациясының екі азаматы шекарадан өткізілген жоқ. Бекеттерде КВИ жағдайы анықталған жоқ», деді департаменттегілер.
Айта кетейік, шектеу шаралары енгізілгеннен (2020 жылдың 19 қыркүйегі) бері шекарадан барлығы 3044 шетелдік өте алмай қалған.