Шымкенттік полицейлер жоғалған баланы тауып, ата-анасына дін-аман тапсырды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әл-Фараби ауданы полиция басқармасының «102» арнасына кешкі сағат 18:50-де жергілікті тұрғын арызданған. Ол онда, алты жасар қызының үй ауласында ойнап жүріп, белгісіз бағытқа жоғалып кеткенін айтқан.
Алты жасар қызды табу үшін әл-Фараби аудандық полиция басқармасының өкілдері кірісті. Іздестіру іс-шарасына тиісті басқарманың барлық жеке құрамы жұмылдырылды. Тәртіп сақшылары аулаларды тексеріп, тұрғындардан жоғалған қыз туралы сұрастырды. Сондай-ақ, кинологияның қызметтік иттерімен іздестірілді.
Жедел іздестіру шараларының нәтижесінде кешкі сағат 20:00 де жергілікті полиция қызметі ювеналды полиция бөлімі инспекторлары «Наурыз» шағынауданындағы «Nauryz Park» сауда орталығынан алты жасар қызды аман-есен тауып, ата-анасына жеткізді.