Жеңіл салмақ дәрежесіндегі әлемнің абсолютті чемпионы, ирландиялық Кэти Тейлорға есе жіберген қазақстандық кәсіпқой боксшы Фируза Шарипованың аталмыш жекпе-жектен қанша табыс тапқаны белгілі болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Деректерге сенсек, Ұлыбританияның Ливерпуль қаласында өткізген шайқасы үшін қазақстандық кәсіпқой боксшы кем дегенде 100 мың доллар табыс табады екен. Бұл – кепілді сома.
Естеріңізге сала кетейік, 10 раундтық форматта өткен кездесуде Кэти Тейлор өзіне тиесілі төрт белбеуді де сәтті қорғап, отандасымыздан айласын асырған болатын. Дегенмен мамандар Фирузаның осы шайқаста жақсы жұдырықтасқанын айтып жатыр.