• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Әлем 13 Желтоқсан, 2021

Президенттің емес, Порошенконың партиясына сенеді

314 рет
көрсетілді

Киев халықаралық әлеуметтану университетінің мамандары Украина еліндегі партияларға қатысты сауалнама жүргізді. Нәтижесінде сауалнамаға қатысқандарға бұрынғы Президент Петр Порошенконың «Еуропалық ынтымақтастық» партиясының ұстанымы жақын екені мәлім болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Иә, «Сайлау өтсе қай партияны таңдайсыз?» деген сарындағы сауалмен өткен сауалнамаға елдің мыңдаған тұрғындары қатысқан. Олардың 19,8 пайызы «Еуорпалық ынтымақтастық» партиясын таңдауға әзір екендіктерін жеткізген. Әлбетте, бұл цифр Президент Владимир Зеленский жетекшілік ететін «Халық қызметшісі» партиясына халық күдікпен қарайды дегенді білдірмейді. Әйткенмен, сәл де болса таразы басы Порошенконың партиясына қарай ауа бастағанын аңғартады.